Онкологиялық науқастарды емдеуге қанша қаражат бөлінеді
«Қазақстанда онкологияға шалдыққан науқастар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алады. Оған жыл сайын шамамен 36 млрд теңге қаражат бөлінеді», - деп жауап берген Азамат Дүйсенов.
Сонымен қатар қатерлі ісікке шалдыққандарды емдеу жағдайын жақсарту мақсатында Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы әзірленген.
Мәлім болғандай, алдағы 4 жылда мына бағыттарды дамыту көзделген:
- халыққа онкологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру;
- инфрақұрылымды жетілдіру;
- ел халқына онкологиялық көмек көрсету сапасын арттыру;
- кадрлық әлеуетті дамыту;
- онкологиялық көмекті цифрландыру;
- онкологиялық ғылымды дамыту.
Қоса кетсек, Қазақстанда онкологиямен ауыратын 210 мыңнан астам адам есепте тұр. Оның ішінде 2021 жылдан бастап 12 848 науқасқа ота жасалған.