«Елімізде онкология мәселесі күрделі. Бұл бойынша маған біраз адам былай да, желі арқылы да жүгінді. Онкологияға шалдығып бастан кешкенін айтып бергендер бар. Онкологиялық аурулар мәселесі бойынша, алдымен қандай нақты қадамдар жасай аламыз сол маңызды. Екіншіден, мәселеге уақытылы мән беру керек. Бүгін Мәжіліс отырысында осы тақырыпта сауал жолдадым. Қобалжу болды, себебі мәселе маңызды әрі бұл менің депатат ретінде алғашқы сауалым», - деді Динара Наумова Jibek Joly телеарнасының мобильді студиясында берген сұхбатында.
Оның айтуынша, маңызды мәселелерге мемлекеттің назары уақтылы аударылғаны абзал.
«Онкологиялық аурулардың алдын алу және онымен күресте қолданыстағы әдіс-тәсілдерді қайта қарау қажет. Егер сала бойынша проблемалар болса, демек қолданыстағы әдіс жарамайды, оны өзгерту керек деген сөз. Осы орайда менің ұсынарым, онкология мәселелерін қарайтын жұмыс тобын құру қажет. Оның құрамына онкологиялық дертке шалдығып, зарын тартқан науқастарды кіргізу керек. Аталған ауруды емдегеннен кейінгі оңалту тәсілдерін де қайта саралауды қажет етеді. Сондықтан бүгін бұл мәселе бойынша нақты ұсыныстарымды білдірдім. Мәселе оң шешімін табалы деген үміттемін. Үкіметтің жауабынан бөлек, өз бетімізше әрекет етуді де ойластырып отырмыз. Мысалы, жұмыс тобын құрып, онкологияға шалдыққандардың жағдайын тыңдап, оны шешудің жолдарын қарастыру. Содан кейін іске көшу. Осы орайда азаматтар өтініштерін әлеуметтік желі арқылы жеткізе алады», - дейді халық қалаулысы.