Онлайн дүкеннен сатып алынған жастық қуыршақтыкі болып шықты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 жастағы Язмин Зуртти eBay интернет сауда алаңынан жатын бөлмесіне сәйкесетін екі жастық сатып алады. Алайда ол жастықтардың қуыршақтар үйіне арналғанын байқамаған, деп жазады британдық Mirror.

Кейін жастықтар жеткізілгенде көлемінің кішкентайлығы соншалықты алақанға сыйып кететіні белгілі болған. Оны көрген қыз күле бергеннен басқа амалы қалмаған.

Төсек жабдығын сатып алған кезде бағасы төмендігі мен жеңілдігіне ғана мән бергеілген. Соған қызыққан ол онлайн дүкеннен сауда жасау үшін бірден несие картасы арқылы төлем жасаған.

Кейін Язмин өзінің жаңғалақтығы кесірінен ұтылып қалғаны жайында Фейсбуктегі парақшасында жазба қалдырды. Жазбаны бір күнде 103 мыңдай адам ұнаттым деп белгілесе, 30 мың желі пайдаланушысы пікір жазған.