Онлайн кассалық аппараттар салықтан жасырылған 14 млрд теңгені анықтады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Онлайн кассалық аппараттар салық органдарынан жасырылған 14 млрд теңгені жарыққа шығарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президентіжанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында осындаймәлімет жарияланды.

ҚР Мемлекеттіккірістер департаментінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев онлайн кассалықаппарттарды енгізу елдегі сауда-саттықтың ашық жүруіне әсер ете бастағанынайтады.

«Бүгінге дейінелдегі есеп айырысу орындарының 82 пайызы онлайн кассалық аппаратпен қамтылды.Яғни 349 мың дана аппарат жұмыс істеп тұр деген сөз. Онлайн аппараттар арқылымемлекеттік кірістер базасына бір миллиардтан астам түбіртек түсті. Солардымемлекеттік кірістер органына берілген есептермен салыстырдық. Екі арадан 14млрд теңгенің айырмашылығы шықты. Осылайша, біз 14 млрд теңгенің қосымшатүсімін анықтадық. Яғни есеп беру кезіндде аталмыш сома жасырылған», - дедікомитет төрағасы.

Соңғы жаңалықтар