Өңірлерде 200-ден астам автоматтандырылған өлшеу жүйесі орнатылады

Фото: Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы жылдары жолдардың мерзімінен бұрын тозуын болдырмау үшін өңірлерде 200-ден астам автоматтандырылған өлшеу жүйесі орнатылады. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл құрылғылар қалаларға кіреберіс жолдарда, карьерлердің маңында және қозғалыс қарқындылығы жоғары учаскелерде орнатылады. Ауыр жүк көліктерін өлшеу автоматты түрде қозғалыс барысында жүзеге асырыла береді. Бұл туралы Марат Қарабаев азаматтарды жеке қабылдау барысында мәлім етті.

Марат Қарабаев жолаушылар тасымалына арналған вагондар паркі жыл сайын және жүйелі түрде жаңартылып жатқанын атап өтті. 

— Биыл 226 жаңа вагон сатып алу жоспарланған. Осы кезге дейін жыл сайын шамамен 150-180 вагон сатып алынса, биылдан бастап 2029 жылға дейін жыл сайын 200-ден астам вагон сатып алынады. Бұл 2029 жылға дейін жолаушы вагондары паркін толықтай жаңартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ биылғы жылдан бастап Stadler Kazakhstan зауыты да вагондарды шығаруға кірісті, — делінген министрлік хабарламасында. 

Айта кетелік Қазақстанда автокөлікті мемлекеттік нөмірімен бірге сату мүмкіндігі беріледі