Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев креативті индустрияны қолдау шараларын әзірлеуді тапсырған болатын.
«Ең алдымен министрлік бұл саладағы жұмысты креативті индустрия субъектілеріне салықты жеңілдету бойынша кешенді жұмыстардан бастады. Осылайша, былтыр Үкімет қаулысы қабылданып, шығармашылық салаға қатысты 43 экономикалық қызметтің 40 түріне бөлшек салықтың арнайы салық режимі қолданылды. Енді кәсіпкерлік субъектілері корпоративтік және жеке табыс салығын, қосылған құн салығын төлеуден босатылды және бірыңғай салық – жеке кәсіпкерлер үшін 4%, ЖШС үшін 8% болады», - деді министр Қазмедиа орталығында министрліктің алқа отырысында.
Осы мәселелерді шешу мақсатында креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасы қабылданбақ.
Сондай-ақ, «Креативті индустрияларды қолдау орталығы» корпоративтік қорын құру бойынша жұмыстар басталып, өңірлерде Креативті хабтарды ашу жоспарлануда.
«Қазпошта» АҚ-мен бірлескен жоба шеңберінде креативті индустрия өкілдері, оның ішінде прогрессивті жастарға арналған орталықтар құрылады. Осы саладағы халықаралық сарапшыларды тартып, креативті индустрияны дамытудың халықаралық форумы өтеді. Сонымен қатар, Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Түркі мемлекеттерінің ұйымына төрағалығы шеңберінде креативті индустрияны дамыту бойынша тақырыптық іс-шаралар өтеді», - деді Мәдениет министрі.