Онтакэ жанартауы етегінде 150 адам қалып қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нагано префектурасы аумағында оянған Онтакэ жанартауы етегінде 150-ге жуық адам қалып қойды. Бұл туралы жапондық БАҚ хабарлады.

Жанартаудың кенеттен атқылауы сол аумақта болған 200-ден астам альпинист пен туристерді дүрбелеңге салды. Олардың шамамен алпысқа жуығы шұғыл төменге түсті. Ал қалғандары ауаны торлаған күлге байланысты Онтакэ беткейіндегі екі лагерьге тығылуға мәжбүр болды. Оларды қауіпсіз жерге көшіруге шұғыл өрттен құтқару басқармасының 80 қызметкері жіберілді.

Қазіргі уақыттағы мәліметтерге қарағанда, сегіз адам зардап шеккен. Олардың бірі ауруханаға жеткізілді, жағдайы ауыр, ал қалғандары жеңіл жарақаттанған.

Сондай-ақ төрт альпинисті жанартау күлі басып қалды деген де мәлімет бар. Олардың бірін құтқарудың сәті түспеді. Кем дегенде бір адам із-түзсіз жоғалған.