Алдын ала тексеру қорытындысы альпинистердің жүректері соғуын тоқтатқандығын көрсетті. Дегенмен олардың өлімі туралы ресми қорытынды тек медициналық зерттеуден кейін шықпақ.
Онтакэ тауындағы құтқару жұмыстары жанартаудың атқылауына қарамастан еш тоқтаусыз жүргізілді. Тау қойнауында қалып қойған 250 адамның көпшілігі көшірілді.