«Біріншіден, оңтайландырудың арқасында қаржы үнемделеді. Екіншіден, таза мамандар, еңбекқор жандар жұмыста қалады. Жалпы, жұмысқа «жүрдім-бардым» қарайтындардың бәрін тазалау керек. Сонда кәсіпқой мамандар өз тірлігіне үлкен ынтамен, құшырлана кірісер еді. Қысқасы, Үкіметтің құрамында қан жаңарту жүргізілді деп есептеймін. Еуропа елдерінде басы артық құрылым деген болмайды. Бәрі өз ісіне жауап береді. Бізде осындай реформалар жасай отырып, соған келуіміз керек. Бізде шенеунік көп. Бірақ сапасы кем. Мұны Елбасы білмей отырған жоқ. Білген соң осындай қадамдар жасауға ұмтылды. Алдағы уақытта жұмыс жанданып, ілгерілеуіміз шапшаңдай түсетін шығар деп ойлаймын», - деді профессор.
10:28, 09 Тамыз 2014
Оңтайландырудың арқасында қаржы үнемделеді - Атамұрат Шәменов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметті Оңтайландырудың арқасында қаржы үнемделеді. Бұл туралы «Айқын» газетінде жария болған «Үкіметтің оңтайлануы еңбек тиімділігін арттырып, жауапкершілікті күшейтеді ме?» тақырыбындағы сауалнамада экономика ғылымдарының докторы, профессор Атамұрат Шәменов айтты.