WBO нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Коори Сандерс мейрамхананы қарулы тонау кезінде қаза тапты, деп хабарлайды fightnews.com.
Тоңаушылардың бірі боксшыны ішінен атқан, соның салдарынан ол ауруханада көз жұмды. Сандерс 46 жаста болған еді.
Естеріңізге сала кетейік, 2003 жылы Сандерс Владимир Кличконы техникалық нокаутпен жеңіп, ал 2004 жылы оның ағасы Виталийден ұтылып қалған болатын.