Оңтүстік Африка Республикасында құны 20 миллион тұратын алмас тас табылды

АСТАНА.  Қыркүйекің 30-ы.  ҚазАқпарат -    Оңтүстік Африка Республикасындағы атақты  «Куллинан»  шахтасында         сапасы     жоғары  үш  ірі алмас тас табылды,  олардың біреуінің салмағы 500 каратты    шамалайды,

деп хабарлайды       ВВС  компаниясының    Орыс қызметінен. 

Өндіруші  компанияның өкілдерінің  хабарлауынша,  бұл     алмас  индустриясының    соңғы 100 жылдық   тарихындағы  ең   үлкен  олжаның бірі.  Сарапшылардың    бағалауынша,    табылған    алмастың  ең  үлкенінің  құны   20 миллион  доллар болып қалады.

Әбден   зерттелгеннен кейін  табылған   тастардың ең  үлкеніне   ат беріледі.  Рейтер  агенттігінің  айтуынша,  ол  әлемдегі   ең  ірі  20   алмас тастың   қатарына кіреді.

1903 жылы    негізі  қаланған «Куллинан»  алмас  шахтасы   Преторияға  жақын   жердегі  Трансваальде  орналасқан.        Бір ғасырдан  астам   уақыттың  ішінде  бұл  жерден    жалпы салмағы  120 миллион караттан  асатын  алмас  тастар өндірілген. Олардың  ішінде 1995      жылы табылған  және   ұзақ   уақыт бойы  әлемдегі ең    үлкен  алмас тас саналып  келген  салмағы 3106 караттық  «Куллинан»   тасы    да  бар.