Оңтүстік Африка Республикасында моторы жанған Boeing 767 ұшағы сәтті қонды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында моторы жанған Boeing 767 ұшағы сәтті қонды. Оқыс жағдайға әуе кемесінің құстармен соқтығысуы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Sun басылымына сілтеме жасап.

Air Zimbabwe әуе компаниясының ұшу кезінде қозғалтқышынан ақау шыққан Boeing 767 ұшағы Йоханнесбург маңындағы Тамбо әуежайына қонды. Оған құспен соқтығысуы себеп болуы мүмкін.

Йоханнесбургтен Харареге бара жатқан ұшақ Зимбабве астанасына жергілікті уақытпен 20:41-де қонуы тиіс болатын.

Оқиғаның егжей-тегжейі әзірге белгісіз.