Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен өткен Африка чемпионатына 15 мемлекеттен келген ең мықты балуандар бақ сынады.
Аталған додада жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар және бағалы заттар табыс етілді.
Жарыстан кейін Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Серік Төкеев журналистерге берген сұхбатында құрлық чемпионатының деңгейі жылдан жылға өсіп келе жатқанын атап өтті. Ол сондай-ақ, биыл алғаш рет екі салмақ бойынша əйелдер арасында белдесулер өткенін осы жарыстың басты ерекшелігі деп бағалады.