Оңтүстік Африкада әлемдегі мүйізтұмсықтардың ең көбі мекен етеді. Өкініштісі, жыл сайын оларды өлтіру фактісі жиілеп барады.
Қытай мен Вьетнамда мұйізтұмсық мүйізінің құны арта түскеніне байланысты бұл елде аталған жануарларды заңсыз ату да күшейіп кеткен.
Экологтар мүйізтұмсықтар өлімінің саны таяу арада оның туу көрсеткішінен асып, жоғалып кетуі қаупін туғызып отырғанын ескертті. Мүйізтұмсықтардың көбі Крюгер ұлттық паркінде өлтіріледі екен.