Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандар саны белгісіз. Азаматтардан оқиға орнына жақын бармауы сұралды. Сондай-ақ жүргізушілерге жарылыс болған жерге жақын көшелерден аулақ жүруге кеңес берілді. Көшенің бір бөлігі қирағаннан кейін бір көлік аударылып, тағы бірнеше жол жабылды. Жол опырылған кезде таксиде бірнеше адам болған.
Жергілікті билік ауада өткір иіс сезіліп тұрғандықтан, жарылыс болған жерден бір шақырым радиуста адамдарды эвакуациялады.
Қазір төтенше жағдайлар қызметі оқиғадан келген шығынды есептеп жатыр.