Life News хабарлауы бойынша, Перуде - 112 адам суықтан өлген, оның ішіндегі 42-сі жас балалар. Сонымен қатар дәрігерлер елде өкпеге суық тиюдің жаппай белең алғандығын хабарлайды. Айналасы бірнеше күн ішінде өкпе қабынуының 172 оқиғасы тіркелген. Елдің бірқатар аудандарында ауаның суықтығы рекордтық көрсеткіш - 23 градуске жеткен.
Өткен аптада Аргентинада күн күрт суып, ел аумағында қалың қар жауды. Соның салдарынан 16 адам үсікке шалдығып мерт болса, 12 адам жылыну үшін жаққан оттың түтініне тұншығып өлген. Қайтыс болғандардың басым бөлігі - белгілі мекені жоқ қаңғыбастар.
Үкімет пен қоғамдық үйымдар Буэнос-Айрестегі үйсіз адамдарға тамақ пен жылы киім беруді ұйымдастыруда. Ауа райын болжаушылар бейсенбіден кейін күн жылынады деп отыр, бірақ күннің қайтадан бұзылып кетуі де мүмкін.