Life.ru -дың жазуынша, бразилиялықтардың 3:2 есебімен жеңіске жеткенін айқындаған соңғы ысқырықтан кейін, алаңдағы бірнеше ойыншы төбелесе кеткен. Жанжалды бастаушылардың арасында «Ювентустың» бұрынғы ойыншысы, Бразилия құрамасы сапында Конфедерация кубогының жеңімпазы болған Фелипо Мело да болды.
Футболшыларды тәртіпке шақыру үшін алаңға полицейлер мен сарбаздар жүгіріп шыққан. Бірақ жаға жыртыс Монтевидеодағы лық толы стадионның трибуналарына да ауысып үлгерді.