«Соңғы жылдары суармалы егіншілігі дамыған еліміздің оңтүстік аймақтарында су тапшылығы қатты сезіліп отыр. Биылғы вегетациялық кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін, өткен жылдың желтоқсанынан бастап дайындық жұмыстары басталды. 2022-2023 жылдардың вегетацияаралық және вегетациялық кезеңдеріндегі жұмыс жоспары бекітілді. Оның шеңберінде қазір бірқатар іс-шара іске асырылып жатыр», - деді Сейілбек Нұрымбетов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, елімізде су үнемдеу технологиялары енгізіліп жатыр.
«Алдымен, фермерлерді суармалы сумен және жоғарғы ағыста орналасқан су қоймаларынан қосымша су жіберуді қамтамасыз ету бойынша іргелес мемлекеттермен жұмыс жасалып жатыр. Екіншіден, гидротехникалық құрылыстардағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Үшіншіден, суару жүйесінің магистралдық және шаруашылықаралық каналдары тазаланып жатыр», - дейді ол.