Сонымен, Непал, Бангладеш, Үндістан табиғаттың тосын мінезіне тап болды.
Адам шығыны Непалда көп болды. Онда 115 адам қаза тауып, тағы 38-і хабар-ошарсыз кеткендер санатында. Жалпы елдің 75 ауданының 26-сы зардап шекті.
Бангладештің солтүстігінде 27 адам апат құрбанына айналды. Жарты миллионнан астам адам үйлеріне кетуге мәжбүр болды, олар қазір босқындарға арналған шатырларды паналауда.
Үндістандық Бихар штатында 10 шақты, Ассамда - 15 адам қаза тапты.
Құтқарушылар су басқан жерлерден өте алмай, тікұшақты пайдаланды.
Белгілі болғандай, Оңтүстік Азияда жыл сайын апат жүздеген адамның өмірін қиып, бірнеше миллондық шығынға ұшыратады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Ирандағы су тасқыны жайлы хабарланған болатын.