деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
«Менің өңім бе, әлде түсім бе екенін ұғынуым үшін мені шымшуларыңызды өмірімде бірінші рет өтініп сұраймын, - деп мәлімдеді Джексон-кішісі оның аты-жөні лотерея жеңімпазы деп ресми түрде жарияланған кезде. Ұтыс иегері туралы әзірге тек оның өмір бойы Оңтүстік Каролинада өмір сүріп келгені және 2000 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін мемлекеттік қызметші болып жұмыс істегені ғана белгілі. Джексон-кішісінің айтуынша, оның әйелі және отбасында 10 адам бар. Өз балаларының жасы мен санын лотерея жеңімпазы нақтылаған жоқ.
Жеңімпаз иегері әзірге 129 миллион долларды бірден алғысы және 88 миллион доллар салық төлегісі келе ме немесе 260 миллионды отыз жыл бойы бөліп-бөліп алғанды жөн санай ма, о жағын хабарламады.