Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Елдің батыс бөлігінде жауын-шашын болмайды. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, Қостанай облысында түнде тұман түседі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады деп күтілуде.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.