Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясында жаңа оқу ғимараты ашылды
600-ден астам студентке арналған жаңа ғимараттың ауданы 3652 шаршы метрді құрайды. 120 орындық 2 дәріс залы бар, дәрісханалар қазіргі заманғы техникалық оқу құралдарымен, компьютерлермен жабдықталған. Лингафон кабинеті, электрондық оқыту кабинеті, спорт залы қарастырылған.
Жаңа оқу ғимаратының салтанатты ашылу шарасына Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің директоры Ф.Бісмилдин, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.Бектаев қатысты.
Қонақтар өз сөздерінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы дамуындағы оң серпінді атап көрсетіп, оқытушы-профессорлық құрам мен студенттерге шығармашылық табыс пен жетістіктер тіледі.
Айта кету керек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің әлеуметтік мәселелерін шешуде. Атап айтқанда, Алматы қаласында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде 1000 орындық, Ақтөбе қаласында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінде, Семей мемлекеттік медициналық университетінде, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясында 500 орындық жатақханалар салу жоспарланып отыр. Және бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.