Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысының өзендерінде су тасуы мүмкін
01:08, 02 Сәуір 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысының аласа тауларындағы өзендерде су тасуы мүмкін. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
«Таяу күндері, 1-2 сәуірде болжанып отырған күшті жаңбырға байланысты Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысының аласа тауларындағы өзендерде су тасуы және беткейлік ағын пайда болуы мүмкін», - делінген хабарламада.