13 жобаның 8-і - білім беру, 3 - спорт және 2 денсаулық сақтау нысандарын салуға қатысты. Бүгінде 8 жобаның құрылысын жүргізуге конкурс жарияланса, 5-еуі бойынша құрылыс жұмыстары басталып кеткен.
Жалпы түзілген келісімшарттар саны бойынша облыс республикада алдыңғы қатарда. Айта кетсек, МЖӘ аясындағы тағы 20 жобаның тиісті құжаттары әзірленуде. Мәселен, Шымкент қаласында онкологиялық және Шымкент қаласындағы 200 орындық оңалту орталықтарының құрылысы, «Қауіпсіз қала», Шымкент және Түркістан қалалаларының көшелерін жарықтандыру және тағы да басқа жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.