Басқарма басшысының айтуынша, жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 3272 бюджеттік мекемелердің алдағы жылу маусымына 3269-ы дайын.
Әлеуметтік салалардағы 3 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүруде, осы жылдың 20 қазанына толық бітіру көзделген.
Облыстағы 3272 бюджеттік мекемелердегі 1108 кіші қазандықтардың 374-не, оның 13 күрделі және 361 ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жалпы дайын болғаны 372. Тек Бәйдібек ауданында мәдениет саласындағы 2 мекемені осы жылдың 20 қазанына дейін толық аяқтау жоспарланған.
Облыс бойынша 50,4 шақырым жылу құбырларын қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған, орындалғаны 48,9 шақырым. Қалғаны осы айдың он бесіне дейін толық аяқталады. Алдағы жылу маусымына облыстағы бюджеттік мекемелерге қатты отын (көмір) қажеттілігі 170,2 мың тонна, сұйық отын (диз.отын) қажеттілігі 9,2 млн. литр. Оның барлығы толық тасымалданған. Облыстағы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 2278 көпқабатты тұрғын үйлердің 2172-і жылыту маусымына толық дайын.