Оңтүстік Қазақстан облысында 3 адам жол-көлік апатынан қазаға ұшырады

None
АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат – Оңтүстк Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы Шардара-Абай күрежолының 60-ыншы шақырымында «Ауди» және «Тойота» автомашиналары соқтығысып, үш адам қазаға ұшырады және біреуі ауруханаға жеткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.Жол апаты кеше кеште болған. Оның салдарынан «Ауди» автомашинасының 28 жасар жүргізушісі мен оның 42 және 28 жастағы екі жолаушысы мерт болды. «Тойотаның» 45 жастағы жүргізушісі ауруханаға түсті.