Оңтүстік Қазақстан облысында «ботулизм» диагнозымен тағы екі адам ауруханаға түсті
08:57, 21 Қаңтар 2009
АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы Тегісшіл ауылының екі тұрғыны
алдын-ала қойылған «ботулизм» диагнозымен ауруханаға түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ерлі-зайыптылар Сарыағаш аудандық ауруханасында кешеден бері жатыр. Дәрігерлердің пайымдауынша, олар құтыланған баклажан жеп, уланып қалған. Бұл Оңтүстік Қазақстанда соңғы бір аптаның ішінде орын алып отырған үшінші «ботулизм» оқиғасы.