Оңтүстік Қазақстан облысында дәнді дақылдар өнімі өткен жылғыдан 2,5 есе асып түсті

None
ШЫМКЕНТ. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңүстік Қазақстан облысында дәнді дақылдар өнімі өткен жылғыдан 2,5 есе асып түсті. Орташа көрсеткіштер гектарына 24 центнерден айналды,

 деп хабарлады бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов.

Мақта өсірушілер де жақсы нәтижелерге жетті. Осы дақылдың егіс көлемі  30  мың гектарға азайғанына қарамастан, түсім өткен жылғыдан төмен болмайды деп күтілуде», - деді ол.

Облыс басшылығы аграрлық сектордың тиімділігі артуы себебін егіншілік мәдениетінің өсуімен байланыстырып отыр. Үш жылдық бағдарлама жасалды, оны орындаудың алғашқы қадамдары жақсы нәтиже беруде. Жүйелі шаралардың ішінде - жерді әртараптандыру, дақылдарды пайдалырақ түрімен алмастыру бар. Сондай-ақ суармалы жерлер кеңейтілуде.

«Бюджет ауқымында біз биыл 1 196 шақырым суару жүйесін қалпына келтірдік. Сөйтіп, суалмалы жерлердің көлемі 44 мың гектарға ұлғайды», - деді Б.Оспанов.

Оларды жөндеу алдағы жылы да жалғастырылмақ, сонда суармалы егіншілік айналымына тағы 42 мың гектар жер қосылады. Сонымен қатар, егіншіліктің жаңашыл әдістері енгізілуде - жылыжай кешендерінің саны көбейіп, тамшылатып суарылатын алқаптар көлемі кеңейтілуде. Өткен жылмен салыстырғанда тамшылатып суару жүйесін қолдану көлемі 2 есе ұлғайып, 2 мың гектарды құрады. Жылыжайлар аумағы 90 гектардан 126 гектарға дейін артты.