Оңтүстік Қазақстан облысында екі шенеунік пара алу үстінде ұсталды

ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылдық округінің әкімі мен осы округтің жер қатынастары жөніндегі жетекші маманы парамен ұсталды,

деп  хабарлады  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  облыстық департаментінен.

Департаменттің  тергеуші-жедел тобы    оларды  Шымкент-Сарыағаш   тас жолының  бойында  орналасқан  дәмханалардың бірінде  ұстады. «Күдіктілер   жеке тұрғын үй  құрылысына   жер телімін беру үшін    өтініш берушіден 50 мың теңге сома  ақша талап  еткен»,  - деп   хабарлады    департаменттің баспасөз қызметінен.

Аталған  факті  бойынша  қылмыстық  іс қозғалды.