Оңтүстік Қазақстан облысында есірткі саудагері ұсталды

ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстанда героиннің аса ірі партиясын сату кезінде Леңгір қаласының тұрғыны (Төлеби ауданы) ұсталды,

деп  хабарлады    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің   Оңтүстік Қазақстан  облысы  бойынша  департаментінен.

Департаменттің  тергеу-жедел тобы    саудагерді Леңгір  қаласында   1 килә героинды сату  үстінде  ұстады.   Бұл  факті  бойынша   ҚР Қылмыстық  кодексінің 259-шы бабына сәйкес («Есірткі  заттарын немесе психотроптық заттарды   заңсыз  дайындау,    сатып  алу,  сақтау,  тасымалдау,  жөнелту  немесе  өткізу»)     қылмыстық  іс қозғалды.  Саудагер   тергеу  абақтысына  жабылды.