Оңтүстік Қазақстан облысында иіс тиіп, әйел мен сәби көз жұмды

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - 15 ақпанда сағат 07.30-да Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Әлішер Науаи ауылындағы жекеменшік тұрғын үйде пештің ақауы салдарынан иіс тиіп, 35 жастағы әйел мен 2 жасар сәби оқиға орнында көз жұмды. 75 жастағы тағы бір әйел мен 3 жасар бала ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.