Оңтүстік Қазақстан облысында шаңды дауыл көтерілуі ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат -«Қазгидромет» РМК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 тамыз күні Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында шығыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, түнде шаң көтеріліп, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін ұлғаюы мүмкін.