Оңтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам қаза тапты

None
ТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпараты бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында, «Алматы-Термез» автожолының 766-шы шақырымында «Мерседес» пен «Субару» көліктері соқтығысқан. Қайғылы оқиға салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам ауруханаға жеткізілген.