деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қайғылы оқиға Алматы-Термез күре жолының 729-шы шақырымында орын алды. Екі жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі 56 жастағы ер азамат пен «Ауди» көлігінің жолаушысы 46 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. «Ауди» көлігінің үш жолаушысы мен «ВАЗ»-дың екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.