Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бүргелік шатқалында республикалық туристік слет өтті

ШЫМКЕНТ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /татьяна пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бүргелік шатқалында «Қазақстан - Отаным менің» республикалық туристік слеті өтті.

Елдің барлық облыстарынан жиналған балғын туристер айналаны зерттеп, спорттық сайыстарға, табиғат қорғау жөніндегі таңдаулы плакаттар, патриоттық әндер  байқауларына  қатысты.

Бүргелік шатқалы Тянь-Шань жотасының қойнауында теңіз деңгейінен 1 100 метр биіктікте жатыр. Табиғаты көркем бұл жер Шымкенттен 50 шақырым қашықта орналасқан.  Жолы ыңғайлы, соқпақтары күрделі емес, өсімдіктерге бай бұл жерде бұқаралық-экологиялық және туристік-танымдық шаралар өткізуге қолайлы.

Слет барысында облыстық туризм және спорт басқармасы мен туристік қауымдастық бірнеше бірлескен жобаны жүзеге асырды.