деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
«Бүгін таңғы сағат 5,30-да пансинатта жалпы көлемі 532 шаршыметр аумақ өртенді. Өрт ғимараттың бірінші және екінші қабаттарын, төбесін шарпыды», - деп хабарлады ТЖМ. Құтқарушылардың мәліметтеріне қарағанда, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жау сағат 11.55-те ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің өртсөндіру қызметінің күшімен ауыздықталды, оған 49 адам және 12 бірлік техника қатыстырылды.