Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық үлес басым

None
ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік сатып алулардың көлемі 63,5 млрд. теңгені құрады, соның ішінде шағын бизнес субъектілерінде - 46,1 млрд. теңге. Орындалған шарттарда қазақстандық үлес 57,5 пайызға жетті.

Тапсырыстар облыстың көптеген кәсіпорындарына орналастырылды. Айталық, Кентауда экскаватор және трансформатор зауыттары мемлекеттік тапсырыстарды орындауда. Біріншісі - облыс кәсіпорындарына жер қазатын машиналарды жеткізетін болса, екіншісі - «Интергаз Орталық Азия» АҚ Ұлттық компаниясы үшін трансформаторлар шығармақ.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Түстіметжөндеу», «Шымкентжелдеткіш» ЖШС-ларымен, №49 механикаландырылған колоннамен» ауа тазарту жүйелерінің кіші стансыларын салуға және монтаждауға шарт жасасты. «КЭГОК» АҚ «Электр-монтаж приборлары зауытынан» өнімдер сатып алуға тапсырыс берді.

Елбасының қазақстандық үлесті ұлғайту жөніндегі тапсырмалары ойдағыдай орындалуда - облыс кәсіпорындары Ұлттық компаниялармен және жүйе құраушы кәсіпорындармен 10 млрд. теңгеге 34 меморандумға қол қойды.