Оңтүстік Қазақстан облысының арнайы қызметтері есірткі сатпақ болған шетелдіктерді ұстады

ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында 4 келі героин сату үстінде көрші мемлекеттердің азаматтары ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінен.

Тәжікстаннан  Қазақстанға есірткі  трафигін    ұйымдастырушыларға қатысты  жедел-іздеу  шараларын өткізу  барысында, департаменттің     жедел-тергеу  тобы  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  өкілдерімен  бірлесіп,  Мақтаарал  ауданының Атакент  ауылында   4 келі есірткі сату кезінде   Тәжікстан  азаматы мен Өзбекстан тұрғынын ұстады.

Қылмыстық  кодекстің  259-шы бабы  бойынша қылмыстық іс қозғалып,  ұсталған  азаматтар    департаменттің   тергеу абақтысына жабылды.