Бұрын осы қызметті атқарған Шәріпбек Жамалбеков ОҚО партиялық бақылау комиссиясының басшысы болып тағайындалды.
Облыстық филиалдың төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Ұ.Сәдібековті жаңа жауапты қызметімен құттықтап, оның алдына бірқатар міндеттер қойды. Оларды шешу филиал жұмысының тиімділігін арттырмақ.
Сондай-ақ актив жиналысында аудандық және қалалық қоғамдық қабылдаулардың қызметттері қаралды. А.Мырзахметов барлығына да белсендірек жұмыс істеуге шақырды, азаматтардың партия органдарына жүгінуі аудандардың рейтингілік кестелеріндегі маңызды көрсеткіштердің бірі болмақ.