Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны «конго-қырым геморрагиялық безгегі» алдын-ала диагнозымен ауруханаға түсті
12:47, 11 Шілде 2009
            АСТАНА. Шілденің  11-і. ҚазАқпарат -   Оңтүстік Қазақстан  облысында   Түркістан  қаласындағы инфекциялық  ауруханаға    «конго-қырым  геморрагиялық  безгегі»   алдын-ала диагнозымен    58 жастағы ер  азамат   жеткізілді,
                деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Сондай-ақ, онымен қарым-қатынаста болған 10 адам анықталды, олар медициналық бақылауға алынды. Ал індет ошағында зарарсыздандыру шаралары жүргізілуде.
Конго-қырым геморрагиялық безгегі - вирустық ауру. Оның қоздырушы көзі - малдар, ал тасымалдаушысы - кене. Індет науқас адамнан да жұғуы мүмкін. Бұл барысы өте ауыр жүретін ауру.