Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны конго-қырым геморрагиялық безгегі диагнозымен ауруханаға түсті

Фото: None
АСТАНА.  Шілденің  8-і.  ҚазАқпарат -  Өткен  жексенбі күні Оңтүстік Қазақстан   облысы  Бірлік ауылының  кене  шаққан тұрғыны      конго-қырым геморрагиялық безгегі диагнозымен Шымкенттегі  инфекциялық  ауруханаға    түсті, 

 деп хабарлайды  ҚазАқпарат  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап.

 Қазір  диагноз   расталды,  1983 жылы туған     азаматтың  жағдайы  аса ауыр.     Онымен қарым-қатынаста  болған  алты  адам анықталып,     медициналық бақылауға алынды.   Ауру  ошағында  індетке   қарсы  шаралар  жүргізіліп  жатыр.