Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны конго-қырым геморрагиялық безгегі диагнозымен ауруханаға түсті

АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Өткен жексенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысы Бірлік ауылының кене шаққан тұрғыны конго-қырым геморрагиялық безгегі диагнозымен Шымкенттегі инфекциялық ауруханаға түсті,

 деп хабарлайды  ҚазАқпарат  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап.

 Қазір  диагноз   расталды,  1983 жылы туған     азаматтың  жағдайы  аса ауыр.     Онымен қарым-қатынаста  болған  алты  адам анықталып,     медициналық бақылауға алынды.   Ауру  ошағында  індетке   қарсы  шаралар  жүргізіліп  жатыр.