Оңтүстік Қазақстан облысының Ленгір қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері тінту кезінде Кентау қаласының тұрғынынан ИЧ-167/9 қатаң режимдегі түрмеде отырған туысына беруге әкелген 100 мың теңге сома ақша тапты. Әкімшілік кодекс бабын бұзғаны үшін азаматтық тұлғаға 1 273 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жылдың басынан бері осындай фактілер бойынша 900-дей азаматтық тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.