Веложарыстың өзі кеше жекелей сындардан басталған болатын. Онда Солтүстік Қазақстан облысының велошабандозы Богдан Гапоченко жеңімпаз атанды. Бүгін болса, 3 шақырымдық критериум-жарысы өтті. Оның қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының спортшысы Влад Моховиков оқ бойы озық шығып, Астана кубогын иеленді. Екінші орында - Богдан Гапоченко (Солтүстік Қазақстан облысы), ал үшінші орынды Арман Турлин (Солтүстік Қазақстан облысы) қанағат тұтты.
Айта кетейік, кәсіби велошбандоздар үшін жарыс әлі де жалғасуда. 4-5 шілде күндері тағы 60 және 64 шақырымға топтық жарыстар өтеді.