Оңтүстік Қазақстан прокуратурасы заңсыз ойынхана залдарының жұмысын тоқтатты

None
ШЫМКЕНТ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында прокурорлық тексерудің нәтижесінде астыртын жұмыс істеп келген ойынхана залдарының жұмыстары тоқтатылды. Олардан заңсыз жұмыс істеп келген ойынхана автоматтары мен рулеткалар тәркіленді,

деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

«Прокуратура жүргізген тексерудің қорытындысы бойынша: Шымкент қаласында 100 ойын автоматы мен 6 рулетка, Түркістанда - 1 ойын автоматы мен 1 рулетка тәркіленді. Сондай-ақ, ойынханалардың айналымында болған жалпы сомасы 600 мың теңге ақша тәркіленді», - деп хабарлады облыс прокуратурасының баспасөз хатшысы Тамара Өтелбекова. Оның айтуынша, қазіргі таңда тексерулер жалғасуда, оның қорытындысы туралы прокуратура қосымша хабарламақ.