деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазТрансГазАймақ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысына газ беру көлемі 157 мың м3 сағаттан 122 мың текше метрге дейін, Жамбыл облысына 170 мың текше метрден 123 мың текше метрге дейін азайтылған. Магистралдық газ құбырындағы газ қысымы да азайған. Газ мөлшерінің азайғанына қарамастан, тұрғындарға газ беру әдеттегідей жүзеге асуда. Газ тек ОҚО-ы «Химфарм»АҚ, Састөбе цемент зауыты, «Шымкентмай»АҚ, «3-Энергоорталык» АҚ, Жамбыл облысындағы «Қазфосфат»ЖШС, «ТаразЭнергоорталық»АҚ, «ЖГРЭС» АҚ -ында азайтылған. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ өкілдерінің айтуынша, бұларға табиғи газды мөлшермен беру 2-3 күнге созылады.