Оңтүстік Қазақстанда 550 гектар жерді шарпыған дала өрті ауыздықталды

None
АСТАНА.  Қыркүйектің 5-і. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан  облысының  Алғабас ауылдық округінде    ауқымды жерді шарпыған дала өрті  сөндірілді,

 деп   хабарлады Төтенше жағдайлар  министрлігінің  баспасөз қызметінен.

 Дерек көздің ақпараты  бойынша,   жұма күні  550 гектар  алқаптағы  құрғақ  шөп   өртенген. Тілсіз жау   алты сағаттан кейін   облыстық  төтенше жағдайлар департаменті  өрт сөндіру  қызметінің күшімен  ауыздықталды.