Оңтүстік Қазақстанда 63 мыңнан астам педагог бар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 562 мың 621 оқушы білім алcа, оларға 63 мың 486 педагог білім береді, деп жазады ontustik.gov.kz.

Білім сапасын арттыру мақсатында өңірдегі ұсатздар жыл сайын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы базасында ІІ,ІІІ - деңгей бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Деңгейлік курстарға алдыңғы қатарлы педагог кадрлар жіберіледі. Биыл қысқа мерзімді курстардан 8 705 педагог кадр жоспарланса, деңгейлік курстардан 2910 педагог өз біліктіліктерін арттырып жатыр. Сонымен қатар 235 мектеп директоры деңгейлік курстан өтуде.