Қайғылы оқиға 23 ақпан күні Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ер адам алдымен әйелін бауыздаған, артынша көмекке асыққан анасына да пышақ сұғып алған.
Отбасында кішкентай бала өсіп келеді. Отағасын мұншалықты залымдыққа не итермелегені әзірге белгісіз.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.