Оңтүстік Қазақстанда көкнәр алқабы жойылды
14:02, 26 Мамыр 2009
ШЫМКЕНТ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстанда көкнәр апиынының алқабы жойылды.
ҚазАқпарат тілшісіне бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. «Көкнәр-2009» операциясы барысында тәртіп сақшылары жергілікті зейнеткерлерден 20 киләдан астам көкнәр сабанын тәркіледі. Оған қоса полицейлер есік алдында 400 шаршыметрдей жерге егілген апиын көкнәрінің 5 мың түбін тапты. 20 түп апиын заттай айғақ ретінде тәркіленіп, қалғанының көзі жойылды. Жүргізілген сараптама бұл өсімдіктің есірткі заты екенін анықтап отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 259-шы және 262-ші баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу амалы жүргізілуде.